Жаналықтар / Ұлан / Басты
Ұлан ауданында екі бірдей зауыт салынады

Биыл Шығыс өңірінде жалпы құны 102 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылмақ. Бұл туралы ШҚО әкімі облыстық мәслихат сессиясында айтты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айта кетейік, өткен жылы облыстан 49 инвестжоба ұлттық пулға кіріп, 10 жоба сәтті аяқталған.
- Биыл 102 млрд теңгеге 9 жоба іске қосылады. Ең ірілеріне тоқталып өтсек, «Востокмашзаводта» өндіріс жаңғыртылады, Самар ауданында алтын өндіру фабрикасы салынады, Глубокое ауданында майды терең өндеу өндірісінің 2-ші кезеңі жүргізіледі және Өскеменде «MaxiMall» көпфункционалды орталығы ашылады, - дейді Нұрымбет Сақтағанов.
Сонымен қатар аймақ басшысы алдағы жылдары жүзеге асырылатын ірі жобаларды да атап өтті.
- Германиялық Bergbau компаниясы Ұлан ауданында 2029 жылға дейін екі зауыт салуды жоспарлап отыр. Оның бірі литий өндіріп, қайта өңдейтін тау-кен байыту фабрикасы мен литий оксиді концентратын алу үшін пегматит кендерін қайта өңдейтін кәсіпорын болады, - деді ол.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды