F16.KZ
Жарияланды: 14:08, 10 апрель 2025
Жаналықтар

Мыңға тарта мемлекеттік қызметші жарыс жолына шықты

Бүгін Өскеменнің Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды. Биылғы дүбірлі жарыс Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz.


Бұл бейбітшілік пен болашақ ұрпақ үшін жанын аямаған жауынгерлерге деген құрметтің белгісі.

Спартакиаданың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстық кезеңде үздік шыққандар маусымда өтетін республикалық бәсекеде Шығыс Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсететінін атап өтті. Ол да биыл Өскеменде өтеді. Сондықтан жергілікті жанкүйерлерді тартысқа толы бәсекелер күтіп тұр. 

Мұндай спорттық іс-шараларға қатысу табандылықты, жеңіске деген жігерді қалыптастырады. Бұл – кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жету үшін мемлекеттік қызметшілерге қажетті қасиеттер. Сонымен қатар спорт ұжымшылдық пен бірлікті нығайтады, – деді облыс әкімі.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанда барлығы 1974 мемлекеттік қызметші жұмыс істесе, соның 950-і спартакиадаға қатысып жатыр. Оның ішінде 175 әйел жарыс жолына шықты. Олар сегіз спорт түрлері: футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, үстел теннисі, жүзу, шахмат және садақ атудан бақ сынайды. 

Аймақ басшысы барлық сайыскерге сәттілік, командалық рух пен жақсы көңіл-күй тіледі.


Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде