Жаналықтар
Есірткі сақтау фактілерін хабарлаған азаматтар сыйақы алады

Ел ішіндегі есірткі сақтау және тарату фактілері туралы хабар берген азаматтарға сыйақы төленеді.
Бұл алдымен, Шығыс Қазақстан облысында “STOP наркотик!” пилоттық жоба ретінде іске қосылған.
ҚР Бас прокуратурасы бұл қаржы бюджеттен бөлінбейтінін, нашақорлыққа қарсы, қоғамдағы мәселелерге бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер төлейтінін атап өтті.
- Мәселен, қаңтар айында 60 грамм мефедронның алынуына ықпал еткен ақпарат үшін 300 мың теңге төленсе, 80 грамнан астам синтетикалық заттарды ұстауға көмектескен дерек үшін 400 мыңнан астам теңге берілді. Сыйақы мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты болады. Жоба нақты нәтижесін бере бастады. Барлық өңірлерді осы бастаманы қолдауға шақырамыз, - делінген ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесінде.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?