Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:21, 11 апрель 2025
Жаналықтар

ШҚО: Ауыл құтқарушыларына жаңа техника берілді

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ШҚО-ға жұмыс сапары аясында Шемонаиха ауданының Усть-Таловка ауылдық әкімдігінің иелігіндегі өрт сөндіру бекетіне барды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Шемонаиха ауданының әкіміне жаңа өрт сөндіру көлігінің кілті табысталды. 

«Ауыл құтқарушылары» - бұл шалғайдағы және жету қиын елді мекендердегі өрт сөндіру бекеттерін дамытуды қамтитын біздің басым жобамыз. Біз бөлімшелерді техникамен, жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, өртке қарсы инфрақұрылымды жүйелі түрде күшейтеміз және әрбір тұрғын, тұрғылықты жеріне қарамастан, қорғалуы үшін кадрларды оқытамыз. Болашақта біз посттарды байланыс құралдарымен жабдықтаймыз, - деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.

Министр бөлімшенің жағдайымен танысып, техника мен жабдықтарды қарап, жеке құраммен кездесу өткізді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ведомство басшысы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын одан әрі кеңейтуге, табиғи өрттердің алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде