Зайсандағы өрт: әуеден 75 тоннадан астам су төгілді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында қамыс пен құрғақ шөптің жануынан алапат өрт шығып, дер кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жау батпақты, өту қиын жерде тұтанып, шамамен 840 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды F16.kz.
Осы орайда қызыл жалынмен арпалысқан құтқарушылардың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Табиғаттың дүлей күшімен бетпе-бет келгенде, бірінші болып қауіптің ортасына аттанған өрт сөндірушілер мен тікұшақтағы экипаж мүшелері еді. Мамандар ештеңеден тайсалмай, бар күш-жігерін салды. Әуеден жердегі өртке су бүріккен тікұшақтардың әр қозғалысын дәлдік пен шеберліктің көрінісі дерсіз.
ТАҢҒЫ ДАБЫЛ
Оның айтуынша, ұшуға шақырту алғаннан кейін жергілікті уақыт бойынша 8.30 шамасында оқиға орнына жеткен.
БІР КҮНДЕ БӘРІ АЯҚТАЛДЫ
Әрбір су төгудің орташа салмағы 2,5 тонна десек, өрт сөндіруге барлығы 75 тоннадан астам су қолданылған. Экипаж өкілі желдің бағыты қолайлы болғанын, бұл өрттің таралуына да, сонымен қатар сөндіру жұмыстарына да әсер еткенін атап өтті.
БОРТМЕХАНИК – КОМАНДИРДЫҢ «КӨЗІ МЕН ҚҰЛАҒЫ»
Төтенше жағдай болғандықтан, тікұшақ экипажы төрт адамнан құралды. Әдетте Ми-8 МТВ үлгісіндегі тікұшақтардың стандартты экипажы үш адамнан тұрады: командир, екінші ұшқыш және бортмеханик.
Бортта су төгетін құрылғы орнатылған. Бұл құрылғымен жұмыс істеу үшін екі бортмеханик қажет: біреуі кабинада қалып, командирге бағыт-бағдар беріп отырады, ал екіншісі су төгу жұмысына тікелей жауапты.
ҚАТТЫ ЖЕЛ КЕДЕРГІ БОЛДЫ
Осындай үйлесімді жұмыс пен тәжірибенің арқасында өрт сөндіру операциясы табысты аяқталды. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі болмады, адам өміріне қауіп төнген жоқ.
Өртпен күреске 400-ден астам адам мен 70 техника, оның ішінде төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күші жұмылдырылды.
Желдің күші кей жерлерде 20 м/с дейін жетіп, өртті ауыздықтауға едәуір кедергі келтірді. Жердегі әрекеттерден бөлек, Ми-8 тікұшақтары арқылы әуеден сөндіру шаралары жүргізіліп, өрт толықтай сағат 19.30-да сөндірілді.
Айжанат Бақытқызы
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі




