Жаналықтар / Басты / Өскемен
Сограда экологиялық мониторинг жүргізіліп жатыр

Бүгін Өскемен қаласындағы Согра шағын ауданының өнеркәсіптік аймағын сұрғылт түтін басты. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат көпшіліктің талқысына түсіп, үрейлендіре бастаған. Облыстық экология департаментінің мамандары «УК ТМК» АҚ орналасқан ауданға барып, тексеру жүргізді.
Оқиға орнында атмосфералық ауаның сапасына аспаптық өлшемдер жүргізілді.
Ауадағы шекті рұқсат етілген концентрацияны өлшеу жұмыстары жалғасып жатыр. Нәтижесі шыққаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасы сәйкес шаралар қабылданады.
Аталған жағдай облыс басшылығы мен «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының бақылауында. Тұрғындарға еш қауіп жоқ.
Барлық жедел және салалық қызметтер күшейтілген дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден алынған
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз: