Су саласындағы ұлттық есеп: қандай мәселелер қамтылады?

Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін келер жылдан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті тұрақты жариялап отырады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл талап биыл сәуір айында Президент қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген.
Елдегі су қорының жай-күйі, оны қорғау және пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебінде негізгі өзендердің деңгейі, су ресурстарының су шаруашылық бассейндері, өңірлер және экономика салалары бойынша пайдаланылуы жөнінде талдау, су шаруашылығы мен гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта су қорын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы ақпараттар баяндалған.
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі