Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:16, 21 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемен титан-магний комбинатына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

«Өскемен титан-магний комбинатындағы» жағдайдан кейін қалаға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Министр кәсіпорынға барып, оқиғаның мән-жайымен танысты. Сондай-ақ компания басшылығымен, жергілікті билік өкілдерімен кездесті. 

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру басталатын болды. Тексеру аймақ экологиясының жағдайына әсер етуі мүмкін кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.

Сонымен қатар экология министрі бірқатар тапсырма берді:

– Экологиялық стандарттардың бұзылуына байланысты кәсіпорынның әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) заңдылығын бағалау, сондай-ақ болған оқиғаға құқықтық бағалау жүргізу.

– Қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық қажетті ықпал ету шараларын, соның ішінде лауазымды тұлғаларды және жалпы кәсіпорынды жауапкершілікке тартуды қабылдау.

– Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдау, оның ішінде өңірдің басқа объектілерінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)