F16.KZ
Жарияланды: 11:30, 30 май 2025
Жаналықтар

Таврияда қазандық салынып жатыр: ШҚО-да жылыту маусымына дайындық қызу

Биыл өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Жылу желілері мен қазандықтарды жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұл туралы ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов айтты, деп хабарлайды F16.kz.

Қазір Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылында жаңа қазандық салынып жатыр. Жоба құны – 308,7 млн теңге. Жоспарға сәйкес, биыл тамызда құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілуге тиіс, - деді Нұрлан Рамазанов.

Сондай-ақ Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде жылу желілерін қайта жаңғырту және аудандық жылу қазандығына күрделі жөндеу қолға алынған.

Облыстың өзге де аудандарында жылыту маусымына дайындық басталған, арнайы штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген.

Өскемендегі екі жылу электр орталығында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Согра ЖЭО-да дайындық жұмыстары жалғасын тапты. «Шығыс Жылу» АҚ бойынша №2 және №3 қазандықтарға жөндеу басталды және жылу желілерінің кей бөліктері ауыстырылып жатыр, - деді басқарма басшысы.

Риддер қаласында жәнеГлубокое ауданында жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары басталып, 10 шақырымнан астам кварталішілік желілердің қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)