Жаналықтар
ШҚО мектептері 40 пәндік кабинетпен толығады

Былтыр Шығыс Қазақстан облысының мектептеріне 45 жаңа үлгідегі пәндік кабинет сатып алынды, деп хабарлайды F16.kz.
Оның ішінде химия, биология, физика, STEM және роботты техника кабинеттері бар. Бұлардың әрқайсы тоғыз кабинеттен жабдықталған.
Биылғы оқу жылында тағы 40 кабинет сатып алу жоспарланған, оның ішінде химия, биология, физика, STEM және роботты техника, әрқайсынан сегіз кабинеттен бар. Бүгінгі күні соның 15-і жеткізілді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.
Бұған қоса былтыр Өскемендегі «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубтар бірлестігіне және Шемонаиха ауданының Убин орта мектебіне екі автобус сатып алынған. Биыл облыстық бюджет есебінен тағы төрт мектеп автобусын сатып алуға қаражат бөлінді.
Фото: pixabay.com
Қатысты сілтемелер: