Оқушы орындарының тапшылығы мен ескі мектептер мәселесі талқыланды - ШҚО
«AMANAT» партиясының ШҚОФ жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде білім саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Соның бірі - мүгедек балаларды оқытуды іске асыратын жалпы білім беретін ұйымдардың базасында, оның ішінде танылған халықаралық тәжірибелерді енгізуді ескере отырып, инклюзивті білім беру ресурстық орталықтары желісінің кеңеюіне мониторинг жүргізу және оқушы орындарының тапшылығы мен ескі мектептер мәселесін шешу.
Сондай-ақ шағын қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы мектептерді жыл сайын заманауи стандарттар бойынша, мектептерді жаңғырту, STEAM кабинеттерімен қамтамасыз ету, химия, биология, физика кабинеттерін ашу, негізгі және орта мектептерді қосымша робототехника кабинеттерімен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ