Самар / Катонқарағай / Күршім / Зайсан / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?
ШҚО-ның төрт ауданында мәдени нысандар жөнделіп жатыр
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Аймақтық кеңестің отырысында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының орындалу барысы және Шығыстағы құсбегілікті дамыту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәселелер талқыланды.
Қазіргі таңда төрт нысан бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Зайсан ауданының Сарытерек ауылындағы мәдениет үйі, Күршім ауданының Ақбұлақ ауылдық клубы, Катонқарағай ауданының Барлық ауылындағы ауылдық клуб, Самар ауданының Көкжыра ауылындағы ауылдық клуб. Аталған мәдениет нысандарындағы жұмыстар 31 қазанға дейін аяқталады,- деді мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова.
«Miras» аймақтық кеңесі өңірдегі мәдени, рухани мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасындағы мәдени нысандарға қатысты тармақтарының орындалуын қадағалайды.
- Кеңестің күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Оның орындалуын да біз қадағалаймыз. Себебі партиямыз еліміздің рухани мәдени құндылығын дамытуға баса назар аударады, - дейді «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы Аскерхан Хуанбай.
Фото: «AMANAT» партиясы ШҚО филалы
Қатысты сілтемелер:
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ауызсу, жол, экология... Шекарадағы Тарбағатай ауданында шешілмеген мәселе көп
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
Қытаймен шекаралас Тарбағатай ауданының тұрмыс-тіршілігі қалай?
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді