Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?
Күзгі демалыс кезеңі 28 қазан мен 3 қарашаны қоса алғанда жеті күн болады.
Мектеп оқушыларының демалысты тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Атап айтқанда, «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы өтеді.
Сонымен қатар, «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы, «Күзгі асар» жәрмеңкесі, «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Фото: bestnews.kz