Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:04, 14 май 2025
Спорт / Зайсан / Жаналықтар / Басты

Айнабұлақ ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи жаңа спорт модулінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Нысанның шамамен 40%-ы аяқталған. Жоспарға сәйкес желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс. Қазір онда алаңында спорт залының металл конструкцияларын орнату, бетондау жұмыстары, әкімшілік-тұрмыстық корпустың сейсмикалық белдеулік қалыптарын орнату және қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр.

Спорттық модуль тұрғындардың денсаулығын сақтауға және елді мекенде бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді. Жоба бойынша мұнда еркін және грек-рим күресі, баскетбол, волейбол өткізіледі. 

Аталмыш жоба ауылдық елді мекендердегі спорттық инфрақұрылымды нығайтуға серпін береді.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)