Алтай / Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР
Алтай ауданының тұрғыны салмағы 1 кг болатын картоп өсіріп отыр
ШҚО-ның Алтай ауданында картоп байқауы өтті.
Парыгино ауылының 200-жылдығын мерекелеу аясында өткен фестиваль кезінде ең ірі картоп өсіріп отырған тұрғындар анықталды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Байқауға оннан астам адам қатысты. Ең ірі картопты Алтай қаласының тұрғындары - Калеловтар отбасы өсірген екен. Олар байқауда бірінші орынды иеленді. Калеловтар өсірген бір картоптың салмағы - 1 кг.
Екінші орынды Парыгино ауылының тұрғыны Людмила Безлер, үшінші орынды Чапаево ауылының тұрғыны Любовь Данилова алды.
- Мына картоп ең ірісі емес. Бұдан да ірілері болған, бірақ жақында ғана өнімнің бір бөлігін немеремізге жібердік. Ең ірі картоп та соның ішінде кетті, - деді Василий Калелов.
Фото: Алтай ауданының әкімдігі, Depositphotos
Қатысты сілтемелер: