Глубокое / Басты / Спорт / АЙДАРЛАР
Шығыстың мерген қызы әлемдік додада алтын алды

Шығыс Қазақстанның садақшысы Ажар Рахметқызы әлем чемпионы атанды.
Шымкент қаласында әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан «Dala Mergeni» әлем кубогі өткен болатын. Бұл сайыста Шығыстың мерген қызы Ажар Рахметқызы жеңіске жетті, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Ажар «Пута» нысанасы бойынша финалдық кезеңде қырғызстандық және ресейлік спортшыларды артқа тастап, озып шықты.
Айта кетсек, бұл тартысты додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы мен еліміздің 20 өңірінен және 12 мемлекеттен (Тайланд, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Франция, Әзербайжан, Иран, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Америка, Үндістан) келген спортшылар қатысып жатыр. Жалпы жарыста 108 спортшы бақ сынап отыр.
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті