admin
Жарияланды: 12:54, 02 сентябрь 2024
Катонқарағай / Зайсан / Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Президент Катонқарағай мен Зайсанда әуежай салуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі әуе маршруттарын және әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға мұқият қарауды тапсырды.

Оның ішінде Қатонқарағай, Зайсан өңірлерінің туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет екенін алға тартты, деп хабарлайды F16.kz сайты.

– Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет. Жыл сайын Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасау керек. Ішкі әуе бағдарларын дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды. Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды. Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек. Өнеркәсіпті дамыту қорының есебінен кіші авиация ұшақтарын алған жөн, – деді Мемлекет басшысы.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)