«Шығыс Салбурыны»: фестиваль өтетін жерге автобус қатынайды
ШҚО-да «Шығыс Салбурыны» халықаралық фестивалі өтетін жерге автобус қатынайды.
12 қазанда Ұлан ауданында «Шығыс Салбурыны» халықаралық фестивалі өтеді. Осыған байланысты «Өскемен-Бозанбай-Бүркіт төбе» бағытында автобус қатынасы ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Өскемен қаласының «ADAL» автовокзалынан сағат 9:00-де және сағат 10:00-де жөнелтіліп, кері «Шығыс Салбурыны» фестивалін өткізу орнынан сағат 15:00-де және 16:00-де жөнелтіледі.
Маршруттың жүру жолы бойынша «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш маркет», «Сәтбаева», «Сол жағалау полиция бөлімі (жатақхана)», «20 шағын аудан» аялдамаларында аралық аялдамалар ұйымдастырылады.
Бір жаққа жол жүру құны - 200 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша «ADAL» автовокзалының анықтама қызметіне келесі телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз 8-777-189-00-03.
Маршрут сызбасы
Фото: F16.kz