F16.KZ
Жарияланды: 17:00, 30 май 2025
Риддер / Жаналықтар

Риддерде бірнеше отбасы баспаналы болды

Риддерде бірнеше отбасы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасымен салынған жаңа баспаналарға ие болды, деп хабарлайды F16.kz.

Тамаша табиғат аясындағы Ботаник шағын ауданында бой көтерген жаңа тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және баспанаға мұқтаж басқа да адамдарға берілді.  

Бұл – тек баспана емес, ертеңгі күнге деген сенім, лайықты өмір сүруге мүмкіндік және жарқын болашақ. Біз әрбір азаматтың жайлы баспанаға қол жеткізуі үшін жұмысты жалғастыра береміз, – делінген Риддер қаласы әкімдігінің хабарласамында.

Фото: Риддер қаласының әкімдігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)