Самар / Басты / АЙДАРЛАР
Самар ауылдық округінің әкімі негізсіз шарттар жасасқан
Самар ауданында мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Самар ауданының прокуратурасы Самар ауылдық округінің әкімінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 4-ші және 41-ші баптарының талаптарын бұза отырып, бәсекелестік ортада мемлекеттік сатып алуды өткізу жөнінде шаралар қолданбай, бір көзден негізсіз екі шарт жасасқанын анықтады.
- Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Самар ауданы сотының 2024 жылғы 15 тамыздағы қаулысымен Самар ауылдық округінің әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша 200 АЕК айыппұл (738 400 теңге) түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді Самар ауданының прокуроры А.Тұрсынов.
Қаулы заңды күшіне енді.
Фото: kaztag
Қатысты сілтемелер:
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ауызсу, жол, экология... Шекарадағы Тарбағатай ауданында шешілмеген мәселе көп
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
Қытаймен шекаралас Тарбағатай ауданының тұрмыс-тіршілігі қалай?
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді