Самар / Басты / АЙДАРЛАР / Білім мен ілім
Самар ауданында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер анықталды
Самар ауылындағы бастауыш мектеп мұғалімі мен колледж қызметкері жалған құжатпен жұмыс істеп жүргені әшкере болды.
Заңбұзушылықтар Самар аудандық прокуратурасы жүргізген тексеруден кейін белгілі болды, деп хабарлайды F16.kz cайты.
Самар ауылының бастауыш мектебінің мұғалімі жалақыға қосымша ақы алу үшін Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің жалған құжатын пайдаланғаны анықталды.
- Сот педагогті осы ісі үшін 19 сәуірде ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, 20 АЕК айыппұл түріндегі жаза тағайындалды (кінәсін толық мойындауын ескере отырып, іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қаралды), - дейді Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсынов. - Мұғалім жалақысының үстінен заңсыз қосымша төлем алып отырған. Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес бюджетке 427 400 теңге қайтарылды.
Осы сынды тағы бір жағдай тіркелген. Бұл жолғы іс аудандық колледж шеберіне қатысты.
- Сот 22 шілдеде аудандық колледждің шеберіне қатысты техникалық және кәсіптік білім туралы көрінеу жалған диплом пайдаланғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Негізсіз алынған 1,9 млн теңгені мемлекет пайдасына өндіріп алу шаралары жүргізілуде, - деді Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсынов.
Фото: sotreport.kz
Қатысты сілтемелер:
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ауызсу, жол, экология... Шекарадағы Тарбағатай ауданында шешілмеген мәселе көп
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
Қытаймен шекаралас Тарбағатай ауданының тұрмыс-тіршілігі қалай?
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді