Самар / Киелі Алтай / Басты / Арнайы жоба
Сарыбелдің жұмбақ сарқырамасы қай жерде?
Самар ауданының Сарыбел ауылы Шығыс Қазақстандағы үлкен туристік орындарының бірі болып саналады.
Бұл локация - Сарыбел сарқырамасы.
Сарқыраманың бар екенін көп ешкім біле бермейді. Ол Сарыбел ауылында орналасқан, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Көп адамдар іздеп «водопад» деген жазуды көріп, судың жағасына кетіп қалады.
Сарыбелдің арғы жағында Ақшоқы ауылында бастау бар. Бұл – соның суы. Ауыл ертеректе Бұқтырма су қоймасы салынған кезде көшіріліп, Сарыбелге қосылған. Үңгір сияқты, қатпар тастардан жыпсып су ағып жатыр. Көктемде молайып, сарқырама болып ағады.
- Жыл сайын Самар ауданына демалуға келемін. Сарыбелде осындай әдемі жер бар екенін бұрын соңды естімедім. Қазір көріп таң-тамаша болып, сүретке түсіп жатырмыз. Шығыс туризмі дами берсін, - деді демалушылардың бірі.
Қатысты сілтемелер:
Шекарадағы ауылдарда құдықтар құрғап, құбырлар қаңсып жатыр, ал халық өзеннен су ішіп отыр
Ауызсу, жол, экология... Шекарадағы Тарбағатай ауданында шешілмеген мәселе көп
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
Қытаймен шекаралас Тарбағатай ауданының тұрмыс-тіршілігі қалай?
Өскемендегі Жамбыл мектебінің екі бухгалтері тергеуге ілінді