admin
Жарияланды: 13:00, 11 октябрь 2024
Өскемен / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Өскеменде нәзікжандылар ант қабылдады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  3477 әскери бөліміндегі ант қабылдау рәсімі  өтті.

Отан алдындағы борышын атқаруға   келген үш нәзік жанды қару асынып ант қабылдады, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Олардың  бірі - қатардағы қатардағы Әмина Айтмұқашева. Ол тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінде психолог болып қызмет атқармақ.

 

-  Бүгін мен үшін ерекше күн. Оттан ыстық Отанымды  қорғауда тайынбай қызмет етуге әзірмін. Кешегі Әлия, Мәншүк сынды батыр қыздардың ерлікке толы даңғыл жолдары бізге үлгі.  Сондықтан  ендігі уақытта Отан алдындағы борышымды адал атқаруға барымды салмақпын - дейді қатардағы жауынгер Әмина Айтмұқашева.

Салтанатты шараға Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасшылығының әскерилері мен ардагерлер қатысты. Олар жастарға ізгі тілектерін жолдады.  Бүгінгі кеште әрбір ант қабылдаушы өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен сезінгені анық. Өйткені, салтанатты  рәсім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналып, қатардағы жауынгерлер  бойындағы патриотизмді арттырып, Ұлттық ұлан  қатарында адал қызмет атқару тәрізді қасиеттерге тәрбиелейді. Айта кетейік, үш жүзге жуық әскери қызметші қызмет атқаратын әскери бөлім мемлекеттік маңызды мекемелерді күзетеді.

 

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)