admin
Жарияланды: 20:00, 20 сентябрь 2024
Өскемен / Басты / АЙДАРЛАР

Ұлттық Ұлан жауынгері Гималайды бағындырмақ

Өскеменде Хаң Тәңірін бағындырған альпинист әскери қызметте жүр. Ол болашақта Гималайды бағындырмақ екен.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөліміне  Алматы қаласынан  шақыртылған  қатардағы  жауынгер  Дмитрий  Казанцев  - әуесқой  альпинист, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Тауға өрмелеуді студенттік шағынан  Алатау сілемдерінен бастаған  мерзімді әскери қызметші бүгінде еліміздің ең биік нүктесі  Хан Тәңірі шыңын бағындырып үлгерген. Құзар шыңға өрмелеуге әуес сарбаз үшін жауынгерлік қызмет  қиындыққа соқпапты.   

 

- Біз салмағы қырық келі болатын сөмкемізді асынып, қар кешіп, тас басып, жоғары көтерілеміз. Мұзға шойын қада қағып, асқарға қарай адымдаймыз. Сондықтан мен әскери бөлімдегі жауынгерлік қызметке тез арада бой үйреттім. Жалпы бала кезімнен зау биіктен төмен қарағанда тамсанамын.Биіктікке өрлеу, кедергілерден өту өмірге деген  құлшынысыңды  арттырады. Менің алға қойған мақсатым теңіз деңгейінен сегіз мың метр биік орналасқан Гималай тауларын  бағындыру, - дейді қатардағы жауынгер. 

Ұлттық ұлан сапында Өскемен қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген  жауынгер таяуда  келісімшарт  бойынша  әскери қызметке тұрды. Ұландық  5518 әскери бөлімінде тыл қызметінің іс жүргізуші маманы. 

 

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)