Өскемен / Айтпайын десең... / Басты
Өскеменнің кинотеатрларында қазақ тіліндегі туындылар қолайсыз уақытта көрсетіледі
Өскеменнің қоғам белсендісі, елге "Ақынгелді" ретінде таныс Аян Қалымбек қалалық кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдер мен мультфильмдер ыңғайлы уақытта көрсетілсін дейді.
Бұл ұсынысты ол бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың әдебиет және мәдениет өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Кездесуде қатысушылар түрлі креативті идеяларымен, жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Аймақ басшысы болса, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
– Біздің жастар қазір цифрлық жүйенің тетігіне байланып, рухани құндылықтан қол үзіп бара жатқандай. Біз цифрлық технология тетігін тиімді пайдаланып, заман талабына сай өз қажетімізге жарата білуіміз керек. Елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардағы мәдениеттің рөлін арттыруымыз қажет. Сонда ғана цифрлық жүйені кәдеге жарата аламыз. Алдағы уақытта шығармашылық өкілдері, өнер адамдары осы бағыттағы жұмысқа көбірек көңіл бөлсе. Бүгінгі кездесуден қорытынды шығарып, айтылған креативті идеялар мен ұсыныстарға қолдау көрсететін боламыз, – деді Ермек Көшербаев.
Облыстағы белгілі айтыскер ақын Серік Қуанған ақындардың арнайы орталығы болса деген ұсыныс айтты. Ал қоғам белсендісі Аян Қалымбек Өскемендегі кинотеатрларда қазақ тілді мультфильмдер мен фильмдер ыңғайлы уақытта көрсетілсе екен дейді.
Фото: alterainvest.ru
Қатысты сілтемелер: