Өскемен ЖЭО-да №16 қазандық агрегаты салынады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Өскемендегі бірқатар нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Алдымен қаладағы жылу электр орталығының жұмысы таныстырылды.
Айта кету кереу, станциядағы орнатылған қуат – сағатына 168 Гкал жылу энергиясын және 75 МВт электр энергиясын құрайды.
Сонымен қатар Жаңа Согра кентінде кәріздік сорғы станциялары, коллекторлар, аэротенктер, тұндырғыштар, лай алаңдары, сусыздандырылған тұнбаны сақтау алаңы, әкімшілік-тұрмыстық корпус, электрмен жабдықтау желілері, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелері сияқты нысандарлың құрлысы жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта кент аумағында көгалдандыру және кіреберіс жол салу бойынша абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр.
Артынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда станцияның орнатылған қуаты – жылу бойынша 859,9 Гкал/сағ және электр энергиясы бойынша 372,5 МВт құрайды.
Кәсіпорында сағатына 75-тен 500 тоннаға дейін бу өндіретін 9 қазандық агрегат және қуаты 4-тен 120 МВт-қа дейінгі 8 турбоагрегат жұмыс істейді.
Станцияда қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарды азайту үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізе отырып, №13 жаңа турбоагрегат пен №16 қазандық агрегатын салу арқылы кеңейту, негізгі бу құбырын ауыстыру және жаңа күл үйіндісін салу жоспарлануда.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Шығыс Қазақстан облысының қуат тапшылығы мен инженерлік желілердің тозу мәселелерін шешу мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары таныстырылды.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі




