Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 10:50, 30 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемен конденсатор зауытында өндіріс көлемі артады

Өскемен қаласының прокуратура басшылығы мен облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері жұмыс сапарымен Өскемен конденсатор зауытына барды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіретін Өскемен конденсатор зауыты – өңірде жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. 60 жылдан астам тарихы бар кәсіпорын елімізде ғана емес, ТМД-дағы конденсатор өндірісінің көшбасшысы болып саналады. Бүгінде ол сұранысқа ие өнімдер өнідіріп қана қоймай, қала халқын жұмыспен қамтып отыр. 

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты - өндіріс көлемін ұлғайтуға және кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толық пайдалануға қолдау көрсету. Ондағы клиенттік базаны кеңейту және өндірісті дамыту және көлемін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудардық , - дейді басқарма өкілдері.

Кездесу барысында бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері, өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығару жолдары, басқа кәсіпорындармен де кооперациялық байланыстар орнату туралы ұсыныстар айтылды. 

Осы орайда прокуратура басшылығы мен басқарма өкілдері өнеркәсіп саласындағы орта бизнес өкілдерінің дамуына ешқандай әкімшілік кедергілер болмауына жағдай жасау аса маңызды екенін атап өтті.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)