Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 21:43, 19 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Соградағы жағдай: дәрігерлер тұрғындарға хабарландыру жасады

Бүгін Өскеменнің Согра кентінің өндірістік аймағы түтіндеді. 

Оқиға орнында қазір облыстық экология департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарға төнген қауіп жоқ, десе де денсаулық сақтау басқармасы халыққа ескерту жасады.

Көздеріңіз ашып, тамақ жыбырлап немесе тыныс алу қиындаған белгілер болса дереу медициналық көмекке жүгініңіздер. Қаладағы медициналық мекемелер үздіксіз жұмыс істеп тұр және әрбір тұрғынға қажетті көмек көрсетуге дайын, - делінген ақпаратта.

Қазір жағдай жергілікті биліктің бақылауында, мамандар ауа сапасы мен халықтың денсаулығын қадағалап отыр.

Фото: Видеодан алынған кадр

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)