Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:25, 31 май 2025
Өскемен / Басты

Өскемендіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бүгін өскемендіктер Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданды. Ал, 1997 жылы ҚР Президенті Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы және 31 мамыр – Саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

Сол замандағы мемлекеттің қатал саясаты, аштық пен жаппай қуғын-сүргін, жазықсыз адамдарды қудалау халық арасында айтарлықтай шығынға әкелді. Репрессия миллиондаған адамдарға әсер етіп, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырады. 25 мың адам ату жазасына кесілді.

Бұл тарихтағы ең қайғылы кезеңдердің бірі. Бүгінгі шара сол қасіретті жылдардың құрбандарына деген құрметтің белгісі. Зобалаң заманда жазықсыз жандар шейіт болып, қуғынға ұшырады. Ұлтын шын жүрегімен сүйіп, бақытты болашақ үшін бастарын бәйгеге тіккен жандарды мәңгі есте сақтаймыз және бүгінгі бейбіт заман үшін алғыс айтамыз. Біз бақытты ұрпақпыз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

Шара барысында жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарындарына тағзым етіп, шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиынға жергілікті билік өкілдері, зиялы қауым, қоғамдық бірлестіктер, шаһар тұрғындары мен желтоқсаншылар қатысты.

Сонау ашаршылық кезінен бастап, Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ халқы небір нәубетті бастан кешті. Өзім 1986 жылы өткен Желтоқсан оқиғасына қатысып, қуғын-сүргінді бастан кешірдім десе де болады. Оқудан шығарылып, сол жылдары бізгеғана емес, ата-анамызға күйе жағылды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақталып, бүгінде осындай шараларға белсене қатысамыз. Өскелең ұрпақ ел тарихын білуі үшін оның маңызы зор, - деді “Желтоқсан 86” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Динара Самултурова.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)