Өскемен / Риддер / Басты / АЙДАРЛАР
Моңғолия бір табан жақындайды

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа жол салынады.
Қазір екі елді байланыстыратын жаңа автожол салу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, жаңа маршрут Өскемен, Риддер қалалары және Ресейдің Туэкта елді мекені арқылы өтіп, Моңғолия шекарасына шығады.
Жаңа жолдың Өскемен қаласынан Ресей шекарасына дейінгі аралықтағы учаскесі салынып қойған. Оның жалпы ұзындығы – 189 шақырым. Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тас жолының ұзындығы - 1 604 шақырым.
Демек, жаңа автожол жол жүру уақытын едәуір қысқартып, екі ел арасындағы көлік байланысын жақсарта түспек.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатай ауданында ерекше балаларға арналған кабинет ашылды
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі
Күршім ауданының тұрғыны ұлының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрайды
ШҚО әкімі: «Адамдарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз»
«Аққайнардың көзін аш»: Риддерде экологиялық акция өтті