Зайсан / Қылмыс / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Басты
ШҚО-да әріптестердің жанжалы сотқа дейін жетті
ШҚО-да бір ұжымның қызметкерлері өзара жанжалдасып қалып, оның соңы сотқа дейін жеткен.
Оқиға Зайсан ауданында болған, деп хабарлайды F16.kz cайты.
А. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аудандық сотта қаралды. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) айып тағылып отыр.
Сот отырысында анықталғандай, А. есімді азаматша 2024 жылдың 17 қыркүйегінде жұмыс орнында жанжал шығарып, өзінің әріптесін балағаттаған. Бұл әрекетімен маңайындағыларға құрметсіздік танытқан.
- Сот отырысында А. өзінің кінәсін мойындады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алу жаазасы қарастырылған. Сот айыпталушы өз кінәсін мойындағанын ескере отырып, 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды, - делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: islamnews.ru
Қатысты сілтемелер: