admin
Жарияланды: 09:00, 12 октябрь 2024
Басты / Не жаңалық?

13 қазандағы ауа райы: қар, боран, көктайғақ

Күздің жайма-шуақ күндері артта қалған секілді. 13 қазанан бастап елдің шығысында таяп қалған қыс мезгілінің лебі сезілмек.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан аумағында қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетеді, екпіні - 23-28 м/с. 

Сынап бағаны күндіз + 2 градустан - 3 градусқа дейін күрт төмендейді. Ал түнгі уақытта 2-7 градусқа дейін аяз түседі. 

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты аймақтың ТЖ қызметі тұрғындарды мүмкіндігінше елді мекендерден алыстамауға шақырады. 

-     Егер жолға шығу қажет болса, көлікті қысқы маусымға дайындаңыз. Күрек, жылы заттар, жанармай қоры, сүйреу кабелін алыңыз. Елді мекендерде автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек, - деп ескертті ТЖ қызметі.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалу қажет. 

Дауылды ескертулер мен жолдардағы ахуал туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасынан білуге болады. 


Фото: freepik.com


 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)