admin
Жарияланды: 20:45, 12 октябрь 2024
Басты / Фоторепортаж / Ұлан

Шығыс салбурыны – 2024

Құмай жүгіртіп, құс салу дәстүрі соңғы жылдары елімізде қайта дәріптеле бастады.

Қазақ халқының ел жадынан ұмыт болуға айналған қастерлі құсбегілік өнері - Салбурынды қайта тірілтіп, жаһанға паш етуде Шығыс Қазақстанның қосқан үлесі зор. Себебі жыл сайын құсбегілерді Бозанбай ауылының іргесіндегі Бүркіттөбеге жинап, халықаралық деңгейде фестиваль өткізуді дәстүрге айналдырып отыр, деп хабарлайды F16.kz cайты. 

Биылғы тартысты додаға 80 бүркіт, 30 сұңқар, сонымен қатар тазылар қатысты.

Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Венгрия, Ресей елдерінен түз тағысының тілін тапқан құсбегілер жиналды.

Фестивальда асау атты үйрететін жігіттердің де шеберлігі сыналды. Бұл да үлкен өнер. Дүбірлі додаға алыстан ат терлетіп Республикалық «Құсбегілік» Федерациясының Президенті Берік Уәли арнайы келді.

Аңшылық өнерді тамашалау үшін Бүркіттөбеге жиналғандардың қарасы қалың болды. 

Шетелдік қонақтардың қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығы артып келеді. Биылғы құсбегілер жарысына 4-5 мыңдай турист тартылды. 

Фестиваль аясында әртүрлі ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, ақындар айтысы өткізілді. Сондай-ақ белгілі әнші Нұрлан Абдуллин өнер көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді. 

Марапаттау рәсімі. Аты әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпанға Шығыс Қазақстанның жұртшылығы атынан екі бөлмелі пәтер берілді.

 
  


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)