admin
Жарияланды: 11:30, 08 октябрь 2024
Ұлан / Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай

ШҚО-да бүркітшілер байқауына дайындық қызу

Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының іргесіндегі Бүркіт төбеде халықаралық дәстүрлі Салбурын-2024 фестивалі өтеді. 

Бүгін 12 қазандағы айтулы шараға қатысты брифинг өтті, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Тартысты додаға 80 бүркіт, 30 сұңқар, сонымен қатар, тазылар қатысады.

Бес елден бүркітшілер шақырылған. 4-5 мың турист тарту жоспарда бар. 

- Үлкен шара болғандықтан, дұрыс ойластыруымыз керек. Жиырма шақты киіз үй құрылады. Бүркітшілер байқауына белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров өзіндік қолдауын көрсетіп отыр. Басқа да демеу болып отырған кәсіпкерлер бар. Оларға алғыс білдіреміз, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Бес ел демекші, Моңғолия, Қытай, Қырғызыстан, Венгрия, Ресей елдерінен де құсбегілер қатысуға ниет білдіріп отыр.

Күн суық болған жағдайда, халық тоңбасын деп үлкен киіз қойылады. Автобус та ойластырып отырмыз. Нақты қай жерден жүретінін қосымша хабарлаймыз.

11-қазан таңғы тоғыздан жарыс басталып кетеді. 12-сі ақтық сайыстар болады. 

Айта кетейік, фестиваль аясында асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу секілді ұлттық спорттық ойындар өтеді. 

Ұйымдастырушылар былтырғы олқылықтарды сараптап, саралады, пысықтап шыққан. Демек, жоғары деңгейде өтеді. Еске сала кетсек, Бозанбай Өскеменнен 65 шақырым.

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)