Республика күніне орай қосымша пойыздар шығады
ҚТЖ Республика күні мерекесіне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар шығарады, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
№630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
№204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
№216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
№201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.
Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.
Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. №7553/6811/6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызының бағыты:
- Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
- Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.
25-27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Ал жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы мәліметтерді «1433» нөмірі, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми инстаграм @jolaushylar_tasymaly арқылы алуға болады.
Фото: ҚТЖ