admin
Жарияланды: 19:25, 07 февраль 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Өнер өрісі / Өскемен / Фоторепортаж

Өскеменде «Ес-аға» фототілшілер клубы ашылды

7 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ес-аға» фототілшілер клубының ашылу салтанаты өтті.

Бұл клуб Шығыс Қазақстанның өмірімен тығыз байланысты белгілі фотограф Есімхан Орынбаевтың 70 жылдық мерейтойына орай құрылды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Жиынға Есімхан Орынбаевтың қызы Әсел Есімханқызы, әріптестері, достары, кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты. Белгілі журналистер мен фототілшілер Айтмұхамбет Қасымов, Әлібек Қаңтарбаев, Уәлихан Тоқпатаев сынды ағаларымыз жылы естеліктерімен бөлісіп, Есағаның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.

 

Есімхан Орынбаев – ерекше көзқарас пен шеберліктің символы

Есаға 1955 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол Иркутск мемлекеттік университетінің фотография бөлімін тәмамдап, 1986 жылы Өскеменге көшіп келіп, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде қызмет еткен. Оның объективінен өткен әрбір кадр тарихтың бір бөлшегі болып қалды. 

 «Ес-аға» клубы болашақ фототілшілерді дайындайды

Клуб жетекшісі – Қазақстан Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы. 

Клубтың негізгі мақсаты – болашақ фототілшілерді даярлап, шеберліктерін шыңдау. Мұнда қатысушылар фотопортрет, пейзаж, фоторепортаж, фотоочерк секілді бағыттарды меңгеріп, кәсіби мамандардан дәріс алады.

Дәрістер аптасына бір рет өткізіледі. Толық ақпаратты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан алуға болады.

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)