Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:35, 06 май 2025
Жаналықтар / Самар / Басты

ШҚО әкімі батырлар рухына тағзым етті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының Подгорное ауылында тұрғындармен бірге осы өлкеден шыққан Кеңес Одағының батырлары Николай Фонов, Сергей Седнев және Иван Яроцкийге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Николай Фонов1942 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, 47-ші армияның 30-шы атқыштар дивизиясы, 59-шы артиллериялық полкінің зеңбірек командирі болған. Ол Брянск, Солтүстік Кавказ, Воронеж және 1-ші Украина майдандарында ерлікпен шайқасты. 1943 жылы жауынгерлік тапсырмаларды мұқият орындағаны және көрсеткен ерлігі үшін сержант Фоновқа Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі табысталды.

Сергей Седнев47-ші армияның 23-моторлы понтон-көпір батальонында моторист болып қызмет етті. 1941 жылдан бастап Брянск, Воронеж және 1-ші Украина майдандарында шайқасты. Әсіресе, Днепр өзенінен өту кезіндегі ерлігі мен батырлығы үшін ефрейтор Седневке 1944 жылы Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин орденімен және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.

Иван ЯроцкийТынық мұхиты флотының 13-ші бригадасы құрамындағы 390-шы теңіз жаяу әскері батальонының автоматшылар ротасының командирі болған. Ол 1940 жылы кіші лейтенант шенінде Тынық мұхиты флотына қабылданып, кейін Жапониямен соғысқа қатысқан. 1945 жылы жауынгерлік тапсырмаларды тиянақты орындап, ерлік пен батырлық танытқаны үшін аға лейтенант Яроцкийге Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі табысталды.

Салтанатты шара аясында облыс әкімі тыл ардагері Елизавета Бикбаеваға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)