Өскемен / Жаналықтар
Өскеменде құтқарушы өрт сөндіру кезінде үшінші қабаттан құлап кетті

Өскеменде өрт сөндіру кезінде құтқарушы үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды F16.kz.
Оқиға орнында оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, кейін өрт сөндіруші травматология бөліміне жеткізілді, Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың оң аяғының табан сүйегі сынғанын анықтады.
Оқиға 2025 жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында болды. Бұл күні Красин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт шықты. Апаттық-құтқару жұмыстары барысында №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері зардап шекті. Өрт ошағына жету үшін үшінші қабаттағы пәтердің балконына көтерілуге тура келді. Оқиға болған кезде пәтер тұрғындары үйде болмаған. Зардап шеккен қызметкерге ҚР ТЖМ апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін травматология бөліміне жеткізді. Диагнозы – оң аяқ табанының жабық сынуы, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен адамның жағдайы қалыпты, өміріне қауіп жоқ.
Қызыл жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Автосаты оқиға орнына дереу жеткенімен, қалың өскен ағаштан отқа оранған пәтердің терезесіне жақындай алмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми әрі расталған ақпарат таратуға шақырады.
Фото: видеодан алынған кадр
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай

Өзеннен су ішкен халық, интернеті жоқ ауылдар. Катонқарағай ауданының тыныс-тіршілігі

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр