Өскемен / Жаналықтар
Өскеменде Бауыржан Момышұлының муралы салынды

Қабанбай батыр көшесі, 136 мекенжайындағы тұрғын үйдің ажары ашыла түсті. Себебі мұнда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан, полковник, жазушы, Қазақстанның Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы бейнеленген мурал салынды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бейненің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрайды.
Муралға Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс — күймейсің...» деген сөзі жазылды. Бұл сөздер өскелең ұрпаққа патриоттық сезім қалыптастырып, елге адал қызмет ету ұғымын терең түсіндіреді, - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Бауыржан Момышұлы генерал Иван Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамындағы батальонды басқарып, Мәскеу үшін шайқаста ерлік пен батылдық көрсетті. Оның батырлығы, темірдей тәртібі және жауынгерлеріне деген сенімі мыңдаған адамға үлгі болды.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Прокурорлар майдан шебінде

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?