F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 08 май 2025
Жаналықтар

Ұлттық банк 1 мың теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады. Жаңа банкноттың таралымы 5 миллион дана, деп хабарлайды F16.kz.

Мерейтойлық теңгенің бір бетінде Даңқ мемориалы бейнеленген. Ескерткіш Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан.

Банкнотта микро-оптикалық қорғаныс жолағы бар. Сондай-ақ жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, мәңгілік алау мен тырналар бейнеленген.

Екіннші бетінде тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді www.kfdz.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві» РММ ұсынды.

Ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнот өз құнына сай Қазақстан аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстанның барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті, – деп жазды Қазақстан Ұлттық Банкі

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)