F16.KZ
Жарияланды: 15:53, 07 май 2025
Жаналықтар

Адам құқықтары – ортақ құндылық: Астана мен Еуропа диалогы

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мен Венгрия Парламентінің депутаты, Еуропа Кеңесі парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) баяндамашысы Жолт Немет мырзаның кездесуі өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Әділет министрлігінің хабарлайынша, кездесуде тараптар адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың даму болашағын талқылады.

Еуропа Кеңесі құрылымдары Қазақстанға жолдаған ұсынымдарды талқылауға, сондай-ақ оларды қолданыстағы және жоспарланған реформалар аясында іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Тараптар құқық қорғау стандарттарын ілгерілету және құқықтық институттарды нығайту мақсатында институционалдық диалог пен тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті.

Кездесу достық және конструктивті атмосферада өтті. Қазақстан Еуропа Кеңесімен, соның ішінде ЕКПА желісі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдіріп, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығын растады.

Фото: ҚР Әділет министрлігі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)