Өскемен / Жаналықтар / Басты
Өскеменде бірнеше көше уақытша жабылады

Өскеменде ертең Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараларға байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін келесі көшелер жабылады:
- Славский жағалауы (Лихарев көшесінен Даңқ мемориалына дейін);
- Протозанов көшесі (Крылов көшесінен Даңқ мемориалына дейін).
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Құрмат Рахимовтың құрметіне арналған муралға гүл қою рәсіміне байланысты сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Қазыбек би даңғылы бойында қозғалыс шектеледі.
- Сәтпаев даңғылынан Утепов көшесіне дейінгі аралық.
Қала тұрғындарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Фото: gov.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

Прокурорлар майдан шебінде

Өскеменде қай көшелер жөнделеді?

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

«Қараңғы қала қауіпті». Өскеменде жарықтандыру жүйесі қашан жаңғыртылады?

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар