Әскери қызметшілер ардагерлерге құрмет көрсетті – ШҚО

Өскемен гарнизонының бастығы, 27943 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Абикеновтың бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, әскери полиция қызметкерлері және ШҚО аумақтық бригадасының әскери қызметшілері тыл және соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі
Іс-шара барысында ардагерлерге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Атап айтқанда,
– Өскемен гарнизонының бастығы полковник Абикенов Азамат Есимжанович соғыс ардагерлері Головатюк Михаил Яковлевич пен Зуев Иосиф Архиповичке,
– ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы подполковник Кожамкулов Арман Есполатович тыл ардагерлері Саратовцева Александра Тихоновна мен Светочева Анастасия Павловнаға,
– Өскемен қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Алтайбаев Данияр Бахтыбалинович Волощенко Евгений Федорович пен Рахимов Курмат Рахимовичке,
– 99230 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Турагулов Канат Талгатжанович ардагер Харин Макар Радионовичке арнайы барып, ілтипат көрсетті.
Ұрпақ жадында өшпес ерліктің символына айналған ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – бейбіт өмірдің бағасын білу мен Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы.




