Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 15:30, 08 май 2025
Жаналықтар

ШҚО-да 1 млн теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Өскеменде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында белгіленген тәртіппен тіркелмеген транзиттік нөмірі бар «Toyota» маркалы автокөлігі анықталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Тексеру барысында көлік тізгінінде 24 жастағы жүргізуші отырғаны белгілі болды. Оның атына жалпы сомасы 1 400 000 теңгені құрайтын төленбеген 25 айыппұл тіркелген. 

Жүргізуші барлық айыппұлды жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін арқалаған. Материалдар жиналып, сотқа жолданды. Көлік қарызы толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жүргізуші көлік құралын тіркеусіз басқарғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: astanatv.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)