F16.KZ
Жарияланды: 09:00, 09 май 2025
Өскемен / Жаналықтар

Еңбек майданының жауынгерлеріне құрмет көрсетті

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскеменде «Даңқты ардагерлер» акциясы өтті, деп хабарлайды F16.kz.

«Байтақ» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. Тағылымды шара барысында ардагерлерге естелік сыйлықтар мен тәттілер тарту етіліп, олардың ерен еңбегіне алғыс білдірілді.

Акцияға қатысқан ардагерлер қатарында Лидия Астафьева, Екатерина Бизиля, Антонина Бичук, Раиса Выскубова, Едокия Козолуп, Анна Коновалова, Владимир Килочек, Надежда Морозова, Мария Рудая, Виктор Усиков бар.

Тыл ардагерлерін құрметтеу – бізге парызымыз. Қадірлеу – болашаққа деген құрмет! – деді «Байтақ» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Алмаз Жәкішев.

Акция «Байтақ» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Айдар Абдулдиннің қолдауымен өтті. Мұндай бастамалар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың патриоттық сезімін арттыруға ықпал етеді.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)