Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімінде кімдер бар?

Қазақстандық Forbes елдегі ең бай кәсіпкерлердің жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
Рейтингтегі бірінші орынды Kaspi Bank пен «Алсеко» АҚ-да негізгі активтері бар Вячеслав Ким сақтап қалды. Оның байлығы бір жыл ішінде 1,3 миллиард долларға өсіп, 7,1 миллиардқа дейін жетті. Ақпан айында кәсіпкер Jusan Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алуға ниетті екенін хабарлаған болатын.
Биылғы Forbes тізіміндегі басты сенсация деп бірден бесіншіден (3,3 миллиард доллар) екінші орынға (5,8 миллиард доллар) көтерілген Тимур Турловтың өрлеуін айтуға болады. Ол Freedom Holding Corp тобын басқарады. Сондай-ақ, ол Freedom mobile дүкендер желісінен бастап, Tatler Kazakhstan журналына дейінгі көптеген өзге активке ие.
Ең ауқатты қазақстандық кәсіпкерлер үштігін Владимир Ким түйіндеп тұр. Оның байлығы бір жылда 3,6 миллиардтан 5,7 миллиард долларға дейін өсті. Ким – KAZ Minerals тобының және Kazakhmys Holding Limited компаниясының негізгі акционері, сондай-ақ RBK банкінің бас тең иесі.
Сондай-ақ еліміздегі ең бай адамдар тізімінде Тимур мен Динара Құлыбаевалар (төртінші және бесінші орындар), Болат Өтемұратов (алтыншы орын) пен жетінші орындағы Ибрагимовтар отбасы бар. Үздік ондықтың соңғы үш орында Нұрлан Смағұлов, Сәрсеновтер отбасы мен Айдын Рахымбаев орналасқан.
Нұржан Кенжеұлы
Фото: F16.kz/ жасанды интеллект




