Өскемен / Жаналықтар
Өскемен: Қасбеті жарқыраған үйлер электр қуатын қайдан алады?

Сатпаев даңғылындағы тұрғын үйлер көркем және декоративті жарықпен безендірілді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Жаңа шағын ауданда 9 тұрғын үйға LED жарықтандыру орнатылған. Түнгі жарықтандыру қаланың көркін арттырып, тұрғындардың да көңілінен шықты.
F16.kz тілшілері қала әкімдігінен қасбеті жарқыраған үйлер электр қуатын қайдан алатынын сұрады.
Барлық жобаларда электр қуаты жақын маңдағы қосалқы стансалардан алынады. Қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, - деді қала әкімінің баспасөз қызметі Замира Мурсалимова.
Айта кетейік, жақында Жеңіс даңғылында да аталған жұмыстар аяқталып, тұрғын үйлердің қасбеті жарқырай түсті. Ал, Республика алаңының маңы мен Достық үйінің аумағы декоративті жарықтандырумен безендірілгеніне біраз уақыт болған.
Жалпы Сәтпаев даңғылында 4500, ал Жеңіс даңғылы бойынша 3600 жарық құрылғысы орнатылды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта қай көшелерде іске асырылатыны әзірге белгісіз, жоба қарастырылып жатыр, - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Референдум - 2024

Көріксіз көшелер мен көне ескерткіштер. Риддерде уақыт тоқтап қалғандай

Жеңіс даңғылында декоративті жарықтандыру қосылды