Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:09, 08 май 2025
Жаналықтар

«Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды

Жазғы маусымда 11 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайтынды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Компания таратқан ақпаратқа сүйенсек, демалыс маусымында жолаушылар тарапынан сұраныс артатындықтан осындай шешім қабылданған. 

Биыл маусым мен қыркүйек айлары аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады:

3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:

1.№ 253/254 «Астана — Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.

2.№ 207/208 «Алматы — Жаланашкөл» (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.

3.№ 211/212 «Алматы — Достық» (Тальго) пойызы күнара қатынайды.

4.№ 221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.

5.№ 457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.

6. № 459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.

7.«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

8.«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

9.«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

10.№ 201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.

11.№ 203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.

Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді жөнелту күніне 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)