F16.KZ
Жарияланды: 10:00, 30 май 2025
Жаналықтар

Енді жеке куәлігіңізді онлайн ауыстыра аласыз

Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды F16.kz.

– Ол eGov.kz порталы мен Мgov мобильді қосымшасында қолжетімді, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінен.

Белгілі болғандай, егер куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн және одан аз уақыт қалса, сондай-ақ жарамдылық мерзімінің өтуіне 10 күннен аспаса, бұл қызметті онлайн алуға болады.

Онлайн-форматта құжаттау азаматтарға:
– жеке куәлік ауыстыруға өтінім беруге; 
– фотосурет жүктеп, қолтаңба қоюға;
– жеке деректерді растауға;
– мемлекеттік бажды төлеуге (өз қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алуға) мүмкіндік береді.

Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді және ХҚКО-да ұзын-сонар кезекті болдырмайды.

Фото: gov.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)