F16.KZ
Жарияланды: 12:00, 30 май 2025
Жаналықтар

ШҚО-да әкімдер ағаш екті

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов және аудан-қалалардың әкімдері Үлкен Нарын ауылындағы саябақта көшет екті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Үлкен Нарын ауылында өткен облыс әкімдігінің көшпелі отырысынан кейін қала және аудандардың 13 әкімі Тәуелсіздік саябағына жас шыбықтар отырғызды. Аталған шара «Таза Қазақстан» акциясының аясында жүзеге асырылды.

«Таза Қазақстан» арқылы біз өзіміз өзгеруіміз керек. Өзіміз озық ойлы, білімді, білікті ғана емес, жан дүниесі таза нағыз қазақстандық азамат болуымыз керек. Сонда ғана Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған үлкен тапсырмаларының бірі – «Таза Қазақстан» аясында әрбір азамат басқаларға үлгі болады, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар өңір басшысы көшпелі мәжіліс аясында қала және аудан әкімдері Үлкен Нарынның үлгілі істерімен, тың бастамаларымен танысып, өзара тәжірибе алмасқанын атап өтті.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)